Сәрсенбі, 1 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамМәскеуде самбодан халықаралық турнирде Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жүлдегер атанды

Мәскеуде самбодан халықаралық турнирде Ұлттық ұлан әскери қызметшісі жүлдегер атанды

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеуде самбо спортынан халықаралық «Кубок основоположников» турнирі өтті. Дәстүрлі жарыс осы спорт түрінің негізін қалаушылардың бірі Анатолий Харлампиевті еске алуға арналды. Турнирге әлемнің 15–20 елінен 200-ден астам спортшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады, деп хабарлайды QazNews.kz

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, әр салмақтағы белдесулер аса тартысты өтті. Қатысушылар өз елдерінің намысын қорғап, шеберліктерін көрсетті.

Аталған додада Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінің әскери қызметшісі Байсултанов Малик 64 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, жүлделі үшінші орынды иеленді. Ол белдесулер барысында жоғары дайындық деңгейін танытып, нәтижесінде қола медальға қол жеткізді.

Бұл жетістік спортшының табандылығы мен кәсіби шеберлігінің нәтижесі болып табылады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш Қазақстандағы самбо мектебінің деңгейі жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр