Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Шымкентте жас қыздың өлімі: ІІМ тергеу барысын жеке бақылауға алды

    16 января, 2026

    «Адал қоғам қайда?»: Дінтанушы Алматыдағы крематорийге қарсылық білдірді

    16 января, 2026

    КҚК-ға қатысты ахуал: Қазақстан мұнай жеткізу маршруттарын қайта қарап жатыр

    16 января, 2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Пятница, 16 января
    • Басты
    • Саясат

      Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиенінің меншігіне өтті

      13 января, 2026

      Соловьёвтің даулы сөзі: қазақстандық саясаттанушы қандай қауіпке назар аударды?

      13 января, 2026

      Олимпиада чемпиондарынан мемлекеттік басқаруға: спортшы шенеуніктерге шолу

      5 декабря, 2025

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

      15 января, 2026

      «Аудандық және облыстық баспасөздің мұрағатын сақтау аса маңызды» — Бибігүл Жексенбай

      15 января, 2026

      Мәжілісте Қытай көліктеріне қойылатын талаптарды күшейту ұсынылды

      14 января, 2026

      Қазақстанда автолизинг бағдарламасы күткендегідей нәтиже бермеді – сарапшылар пікірі

      13 января, 2026

      Елде нан бағасы күрт көтерілді

      12 января, 2026
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » КТК-ға жасалған шабуыл: қазақстандық сарапшылар дабыл қақты
    Басты тақырып

    КТК-ға жасалған шабуыл: қазақстандық сарапшылар дабыл қақты

    1 декабря, 20257 Views
    коллаж Dalanews
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Новороссийск теңіз порты акваториясындағы Каспий құбыр консорциумының (КТК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдар Қазақстан ақпараттық кеңістігінде айтарлықтай резонанс тудырды. Себебі КТК – еліміздің мұнай экспортындағы басты бағыт, тиісінше, оның жұмысының бұзылуы экономикалық тәуекелдерді күшейтеді, деп жазады QazNews.kz

    Кеше Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ресми түрде мәлімдеме жасап, бұл шабуыл “халықаралық деңгейде қорғалатын азаматтық нысанға қарсы бағытталған агрессиялық акт” деп атады. Айта кету керек бұл – КТК инфрақұрылымына осымен үшінші рет жасалған соққы.

    Dalanews.kz осы маңызды оқиғаға қатысты сарапшылардың пікірін бере отырып, тақырыпты талдайды. ҚР СІМ мәлімдемесінде Қазақстанның жаһандық энергетикалық нарықтағы жауапты ойыншы ретіндегі рөлі, энергия тасымалының тұрақты әрі үздіксіз жүзеге асуының маңыздылығы айтылған. Ресми Астана бұл оқиғаның Қазақстан–Украина қатынастарына кері әсер етуі мүмкін екеніне назар аударады. Киевтен мұндай жағдайлардың қайталануына жол бермеу жөнінде шаралар күтетінін жеткізеді.

    Украинаның ресми жауабы да шықты. Бұл ел соққы Қазақстанға қарсы емес, деп мәлімдеді. Қазақстан сыртқы ведмоствосының мәлімдемесінен кейін Украина Сыртқы істер министрлігінің өкілі Георгий Тихий Қазақстанның алаңдаушылығын ескеретінін айтты. Дегенмен Украина бұл операцияны өзін-өзі қорғау мақсатында, БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес жүргізіліп жатқанын алға тартқан. Ол Украина тарапынан жасалған әрекет Қазақстанға немесе үшінші тараптарға қарсы бағытталмаған. Барлық соққылар агрессордың әскери әлеуетін арттыратын инфрақұрылымға жасалды, деді. Украина тарапы өз жауабында Қазақстанның бұған дейін Ресейдің Украинадағы азаматтық нысандарға жасалған шабуылдарын айыптамағанын да еске салды.

    Қазақстандық экономист Төлеутай Рақымбеков бұл инциденттің зардаптары туралы пікір білдірді. Қазіргі экономикалық жағдайда Қазақстан үшін КТК-ның орны ерекше. Егер 2024 жылғы деректерге сүйенсек, Қазақстан мұнайының 80%-ы дәл осы КТК арқылы экспортталған. Мұнай экспорты елдің жалпы экспорттық табысының 52,6%-ын қамтамасыз еткен, дейді сарапшы.

    “Қазақстанның валюталық түсімінің жартысына жуығына тікелей қауіп бұл. Энергетикалық сектор мен бюджет тұрақтылығына қысым. Бұл жағдайдың әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудыруы да заңдылық. Әлбетте ол Қазақстанға тікелей бағытталмаса да, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, дипломатиялық теңгерімді сақтауда көптеген сұрақтар туғызып отыр”,- дейді Рақымбеков.

    Геосаясат тұрғысынан қарағанда Қазақстан Ресеймен де, Украинамен де дипломатиялық қатынастарды сақтауға мүдделі. Астана өз ұстанымын бейтараптық пен халықаралық құқыққа құрмет көрсету қағидаттарын бірнеше рет ашық алаңдарда айтып, ешкіммен талас-тартысқа бармайтынын мәлімдеумен келеді, дейді Төлеутай Рақымбеков.

    “Десе де Каспий құбыр консорциумының бүлінуі Қазақстан да соғыстың жанама болса да ықпалында екенін көрсетеді. Экспорттық инфрақұрылымның осындай тәуекелдерге ұшырауы артып келеді. Осындай жағдайлар мұнай тасымалы бағыттарын әртараптандыру ісін жеделдете түсуі керек. Алайда балама құбырлар мен басқа да мұнай тасымалдау бағыттары дамымай отыр. Олардың бәрін қоссаң да қуаты КТК-ның орнын толық баса алмайтыны өкінішті”,- дейді сарапшы.

    Қазақстандық саяси шолушы Ғазиз Әбішев бұл оқиғаға саяси реңк беруге тырысады. Украина Қарулы күштерінің КТК нысанына жасаған шабуылдарын және бұған украиналық Бұқаралық ақпарат құралдарының реакциясын пікірге арқау еткен.

    “Қазақстан үкіметінің ұстамды наразылығына олар өктем памфлетпен жауап берді. Яғни Қазақстанға өз экспорттық инфрақұрылымына жасалған соққыларды үнсіз ғана қабылдауды ұсынады. Сонымен қатар, Ресеймен экономикалық қатынастарды да үзу керек дегенді меңзеп отыр. Ал бұл қатынастарға да талай нәрсе тәуелді”,– деп жазды Әбішев өз Telegram арнасында.

    Ол Қазақстан экономикасының дамуы және қарапайым азаматтардың өмірі тікелей осы мұнай құбырымен байланысты екенін атап өткен. Сондай-ақ украиналық БАҚ Украинаға достық ниетпен қарайтын елдердің санын барынша азайтуды көздеп отыр, деп пікірін түйіндепті.

    Айта кету керек, Каспий құбыр консорциумы (КТК / Caspian Pipeline Consortium, CPC) — Қазақстанның негізгі мұнай экспорттық артериясы. КТК ресми түрде 1992 жылы құрылған. Бұл консорциум — Ресей, Қазақстан және Оманда тіркелген халықаралық жобаның нәтижесі. Жалпы ұзындығы шамамен 1,510 шақырым.
    Құрамы мен акционерлері туралы ашықдереккөзерінде ақпараттарға қарағанда, КТК-ның акционерлік құрылымы әртүрлі елдер мен компанияларды біріктіреді. Негізгі үлестері мыналарға тиесілі:

    Transneft (Ресей) — 24 %
    KazMunayGas (Қазақстан)- 19 %
    Chevron (Chevron Caspian Pipeline Consortium Co.)- 15 %
    LUKOIL (LUKARCO B.V.) — 12.5 %
    Басқа халықаралық және мемлекеттік компаниялар (Mobil, Rosneft-Shell, Mobil Caspian Pipeline, BG, Eni және т.б.) қалған үлестері бар.

    Қорыта айтқанда, кез-келген қиындық, инфрақұрылымға жасалған шабуыл немесе тасымалдау үзілуі Қазақстанның экспорттық түсіміне тікелей әсер етеді. КТК арқылы экспортталған мұнай көлемі мен транзиттік тасымалдаулары еліміздің сыртқы саудадағы логистикасы үшін өте маңызды. Қазіргі геосаяси шиеленістер мен әскери қақтығыстар жағдайында мұндай инфрақұрылымдарға жасалған шабуылдар, апаттар немесе санкциялар алып мұнай құбырына тәуелді елдердің экспорттық қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіріп отыр. Жоғарыда айтқандай, акционерлік құрылымның халықаралық тұрпатта болуы тәуекелдерді бөлуге әкеледі. Бірақ бұл да өзімен бірге күрделі геосаяси тәуелділікке ұрындырады. Сондықтан бұл оқиға Қазақстан үшін логистикалық тәуелділікті төмендету, экспорт бағыттарын әртараптандыру және инвестициялық саясатты қайта қарауға жетей ме? Уақыт – төреші.

    Каспий құбыр консорциумы КТК саясат сыртқы істер министрлігі
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Шымкентте жас қыздың өлімі: ІІМ тергеу барысын жеке бақылауға алды

    16 января, 2026

    «Адал қоғам қайда?»: Дінтанушы Алматыдағы крематорийге қарсылық білдірді

    16 января, 2026

    КҚК-ға қатысты ахуал: Қазақстан мұнай жеткізу маршруттарын қайта қарап жатыр

    16 января, 2026
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 555 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 280 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 379 Views
    Оқылып жатыр
    16 января, 2026

    Шымкентте жас қыздың өлімі: ІІМ тергеу барысын жеке бақылауға алды

    Шымкентте қызды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында,  деп жазады QazNews.kz…

    «Адал қоғам қайда?»: Дінтанушы Алматыдағы крематорийге қарсылық білдірді

    16 января, 2026

    КҚК-ға қатысты ахуал: Қазақстан мұнай жеткізу маршруттарын қайта қарап жатыр

    16 января, 2026

    Қазақстандағы ең жоғары жалақылар аталды

    15 января, 2026
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2026 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.