Дүйсенбі, 26 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарКентауда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Кентауда қоқыс жәшігінен нәрестенің денесі табылды

Кентау қаласында қоқыстан жаңа туған нәресте табылды. Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта баланың анасын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатырдеп жазады QazNews.kz

Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеуде, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және ықтимал куәгерлермен сұхбат жүргізуде.

Бұдан бөлек, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексерілуде.

Барлық мән-жайларды анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жалғасуда. Тергеу нәтижелері бойынша заңға сәйкес тиісті шешім қабылданатын болады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне қатысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр