Бейсенбі, 29 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамЕнді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

фото. ашықақпарат көзінен 

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар өзгерістер енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz-ке сілтеме жасаған QazNews.kz

Министрдің айтуынша, жаңа заң жобасы мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыруға бағытталған екі негізгі бастаманы қамтиды:

1. Қызметкерлердің жарналарын есептеу базасының жоғарғы шегін арттыру.
2. Мемлекеттің МӘМС жүйесіне жарна төлеу мөлшерлемесін ұлғайту.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесіне жарналарды есептеу үшін ең жоғарғы шек қазіргі 10 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 50 ЕТЖ-ға дейін арттырылады.

Бұл өзгерістер 508 мың адамға, яғни барлық жалдамалы жұмысшылар мен олардың жұмыс берушілерінің шамамен 9%-ына әсер етпек. Себебі қазіргі жүйеде табысы жоғары азаматтар өз табысына сай жарна төлемейді, яғни пропорционалды төлем әділетсіздігі орын алып отыр, — деді министр.

Министрлік бұл бастама МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал етеді деп отыр.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр