Қазақстандағы «Астана» футбол клубы жақын арада жеке инвесторға өтеді. Бұл туралы Қазақстанның туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
«Астана — тарихы бар клуб. Ол белгілі жетістіктерге жетті. Бұған дейін клуб Sport Qory компаниясы арқылы қаржыландырылып келді. Ал биыл клубты коммерцияландыруды жоспарлап отырмыз, себебі ол халықаралық деңгейде мойындалған. Біз бұл бағытта белсенді жұмыс істеп жатырмыз, инвестор бар. Дегенмен рәсімдер аяқталмағандықтан, әзірге нақты есімін айта алмаймын», — деді Мырзабосынов.
Министр атап өткендей, Қазақстандағы бес футбол клубы қазірдің өзінде коммерциализацияланған, ал қалған жеті клуб бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
«Біз осы клубтарды қамтамасыз ете алатын инвесторларды іздеп жатырмыз», — деді министр.
