Сейсенбі, 10 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАқтөбе облысында жаппай жол апаты: 10 көлік зақымданды

Ақтөбе облысында жаппай жол апаты: 10 көлік зақымданды

Ақтөбе облысында 10 көлік жол апатына ұшырады,  деп жазады QazNews.kz

Ақтөбе-Астрахань тасжолында, Тамды ауылының маңында 10 көлік жол апатына ұшыраған.

«Жол апаты салдарынан үш адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазір оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп жазылған полиция хабарламасында.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр