Дүйсенбі, 6 Сәуір, 2026
spot_img
Басты бетӘлемАнталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

2026 жылғы 4–5 сәуір күндері Анталья қаласында Дүниежүзілік этноспорт одағының арнайы жаһандық басқосуы – Ethnosport 2027 форумы өтті, деп хабарлайды QazNews.kz

Аталған жиын барысында ұлттық спорт түрлерін біріктіріп, жаңа деңгейде халықаралық жарыстар ұйымдастыру жөнінде маңызды шешімдер қабылданды. Форумның ашылу рәсімінде Түркия парламентінің төрағасы және
Дүниежүзілік этноспорт одағының басшысы Біләл Ердоған сөз сөйледі.

Форум аясында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабасынов ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндап, бірқатар нақты ұсыныстарды күн тәртібіне шығарды. Сонымен қатар, форум бағдарламасы мен қағидаларына қатысты пікір алмасулар болды.

Бұл маңызды іс-шараға Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әлихан Байменов, бас хатшы Мақсат Шотаев және Дүниежүзілік тоғызқұмалақ спорты федерациясының вице-президенті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясының президенті Әкім Тұрсұн қатысты. Олар тоғызқұмалақ ойынының Ethnosport 2027 аясында лайықты орын алуы қажеттігін айтып, оны халықаралық деңгейде дамыту бойынша бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Форум барысында тоғызқұмалақ қауымдастығының делегациясы және Түркия Тоғызқұмалақ федерациясының төрайымы Жанам ханым бірқатар екіжақты және көпжақты кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Дүниежүзілік этноспорт одағының басшысы Біләл Ердоғанға қазақтың ұлттық зияткерлік ойыны – тоғызқұмалақ тақтасы тарту етілді. Түркияның Ұлттық Ойындар Қауымдастығының төрағасына, Тунис, Литва, Әзірбайжан, Эквадор елдерінің этноспорт өкілдеріне тоғызқұмалақ тақтасы сыйға тартылып, зияткерлік ойынның маңызы туралы ақпараттар берілді.

Форумға қатысушылар тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейде қарқынды дамып келе жатқанын тиек етіп, оның осындай ірі спорттық форумдарда лайықты орын алуға толық мүмкіндігі бар екенін жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр