Алматылық оқушылар жасанды интеллектпен тоғызқұмалақ ойнады. Дәстүрлі ойын заманауи технологиямен ұштастырылып, жаңа форматта ұсынылды, деп жазады QazNews.kz
Тоғызқұмалақ тарихында алғаш рет ойын тақтасы басында екі адам емес, жасанды интеллект пен адам ақыл-ойы қарсы отырды. Бұл жолы үздік мектеп оқушылары арнайы алгоритмге қарсы ойнап, өз логикасы мен стратегиясын сынады. Цифрлық платформа жасаудан басталған идеяға интеллектуалды система қосып, ыңғайлырақ еткіміз келді дейді мамандар.
ӘКІМ ТҰРСЫН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
Бұл платформада қазір Алматы қаласының чемпиондары, республика чемпиондары, Азия чемпиондары ойнап жатыр. Бұл бағытқа біз неге бет алдық, өйткені өздеріңіз білесіздер биылғы жылды президентіміз цифровизация, жасанды интеллект жылы деп айтты.
АЙАРУ САҒЫМБЕКОВА, ОҚУШЫ:
Бұрын бұрынғы нұсқасымен ойнадық, бірақ қазірден бастап ол өсейіп келе жатыр. Мысалы ағашпен, пластикпен, қазір жасанды интеллектпен ойнаймыз. Маған өте қатты ұнайды, маған өте түсінікті, алдағы жарыстарда осы жасанды интеллектпен ойнауға тырысамын.


