Алматыда кәмелетке толмаған қызға қатысты қудалау дерегі бойынша Үндістан азаматы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді, деп жазады QazNews.kz
Полицияның мәліметінше, жәбірленушінің анасының арызы Алмалы аудандық полиция басқармасында тіркелген. Арыз негізінде тексеру жүргізіліп, күдікті ретінде шетелдік студент анықталып, ұсталған.
«Полиция қызметкерлері аталған азаматты анықтап, ұстады. Тексеру қорытындысы мен қабылданған процессуалдық шешімдерге сәйкес, әрекетке заң аясында құқықтық баға беріледі», – деп мәлімдеді полиция департаменті.
Бұған дейін алматылық Анна Муленкова әлеуметтік желіде жазба жариялап, 17 жастағы, мүгедектігі бар қызына шетелдік студент тарапынан жыныстық сипаттағы әрекет жасалмақ болғанын айтқан еді.
