Жұма, 13 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарАлматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді: полиция үндеу жасады

Алматыда бір түнде 58 жол апаты тіркелді: полиция үндеу жасады

Алматыда жауған қарға байланысты полиция азаматтарға үндеу жасадыдеп жазады QazNews.kz

Алматыда өткен түні қыстағы алғашқы қар жауды. Алматы қалалық Полиция департаменті дерегінше, кешкі сағат 20:00-ден бүгін таңғы сағат 06:00-ге дейін 58 жол апаты тіркелген.

«9 адам жарақат алды, қайтыс болғандар жоқ», — деді полиция.

Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқарып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріп отыр.

Алматы Полиция департаменті қала тұрғындарын жолда сақ болуға, қысқы жағдайды ескеруге және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр