Сейсенбі, 27 қаңтар, 2026
spot_img
Басты бетҚоғамАлматыда автобус жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

Алматыда автобус жүргізушісі рөлде келе жатып көз жұмды

Алматыда автобус жүргізушісі қайтыс болды,  деп жазады QazNews.kz

«Алматыэлектротранс» ЖШС мәліметінше, оқиға №92 автобуста болған. 25 қаңтарда сағат 14:35-те диспетчерлік қызметке №92 автобус жүргізушісінің денсаулығы кенет нашарлағаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға Абай даңғылы мен Сайын көшесі қиылысында болды. Жолаушылардың бірі жедел әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып, қауіптің алдын алды», — деді ЖШС өкілдері.

Жолаушылар шұғыл жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер жүргізуші қайтыс болғанын анықтаған. Алдын ала диагноз — миокард инфаркті.

Оқиға орнына Әуезов ауданы жол полициясы басқармасының қызметкерлері келген.

«Автобусқа техникалық зақым келмеген, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ», — деп жазылған хабарламада.

Ұқсас жазбалар
- Жарнама -
Google search engine

Оқылып жатыр