Түркістан облысында өз әкесін аяусыз ұрып, соның салдарынан оның өліміне себепкер болды деп айыпталған 41 жастағы Алмас Садақбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын, деп жазады QazNews.kz
Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындады. Ол қылмысты есінен танып қалған күйде жасағанын айтты. Садақбаев сотта эмоцияға беріліп, көз жасына ерік берді және жазасын жеңілдетуді сұрады.
Ол өзінің кәмелетке толмаған балалары бар екенін, сондай-ақ отбасындағы жалғыз асыраушы болғанын алға тартты.
Бұл іс бойынша үкім бүгін жариялануы тиіс.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның өз әкесін балағаттап, қорлап, ұрып-соққан видеосы әлеуметтік желіде тараған еді. Осыдан кейін полиция күдіктіні қамауға алып, оған екі бап бойынша айып таққан.
