Түркістан облысының Келес ауданынында Келес өзені арқылы өтетін облыстық маңызы бар автожолындағы көпір құлады, деп жазады QazNews.kz
Көпірдің апатты жағдайда екені алдын ала анықталып, көпір арқылы көлік қозғалысы толық тоқтатылғаны анықталды.
Әлеуметтік желіде көпірдің құлау сәті түсірілген видеолар тарады.
Қазір төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті атқарушы орган өкілдері оқиға орнында жұмыс жүргізіп жатқаны хабарланды. Тұрғындардың қауіпсіз әрі үздіксіз қатынауын қамтамасыз ету үшін уақытша балама жолдар пайдаланылып жатқан көрінеді.
Жергілікті билік алдағы уақытта аталған көпірді қалпына келтіру және көлік қатынасын қайта жолға қою бойынша кешенді шаралар қабылданатынын атап өтті.
Құлаған көпір 1970 жылы салынған екен. Алайда 2010 жылы орташа жөндеу жасалып, бір жыл бұрын бағана тіреулерді бетонмен бекіту жұмыстары жүзеге асқан.


