Қаржы моноторинг агенттігі “Алматыэлектротранс” ЖШС-нің бұрынғы бас директоры Берікхан Мұрзакәрімовті екі жылдан бері іздестіріп жатыр, деп жазады QazNews.kz
Ол аса ірі көлемде қаражат жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген.

“Іздеуде жүрген күдіктінің соңғы уақытта Түркия мен Кипр аумағында болғаны туралы ақпарат тарады”, — Письма Президенту телегам арнасы.
2023 жылдың 26 желтоқсанында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында “Алматыэлектротранс” бұрынғы басшысына іздеу жарияланғаны жөнінде ақпарат пайда болған еді.
Бұған дейін, 2023 жылы 7 қарашада Telegram арналарында департамент қызметкерлері Мұрзакәрімовке қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Олардың мәліметінше, ол ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы — “Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру” бойынша тергелуде.
