Сәрсенбі, 21 қаңтар, 2026
spot_img
HomeЖаңалықтарҚонаевта жабайы сауда орнына сквер салынды

Қонаевта жабайы сауда орнына сквер салынды

Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер пайда болды. Сонымен қатар мұнда воркаут алаңы салынды, деп жазады QazNews.kz

Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған.

Қазіргі таңда стихиялық сауда орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан белгіленбеген орында сауда сатқандары үшін жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ осы тақырыпта ақпараттық баннерлер ілінді.

Бұған дейін сатушылармен әкімдік өкілдері бірқатар кездесулер ұйымдастырып, мән-жайды түсіндірді.

Сонымен қатар шаһарда қолайлы орта құру бағытындағы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 15 аймақ абаттандырылуда. Жыл соңына дейін барлық жобаның құрылысы аяқталады.

RELATED ARTICLES

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- Advertisment -
Google search engine

Most Popular

Recent Comments