Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі Есіл өзенінен табылды

    25 ноября, 2025

    Қазақстанда әуе билеттері бір жылда 24%-ға қымбаттады

    25 ноября, 2025

    Бірден төрт орынбасардың кетуі: депутат кәсіпкерлер палатасын сынға алды

    25 ноября, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Вторник, 25 ноября
    • Басты
    • Саясат

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Бірден төрт орынбасардың кетуі: депутат кәсіпкерлер палатасын сынға алды
    Басты тақырып

    Бірден төрт орынбасардың кетуі: депутат кәсіпкерлер палатасын сынға алды

    25 ноября, 20252 Views
    gov.kz/inbusiness.kz
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Атамекеннің» бұрынғы қызметкері, қазіргі Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов төрт бірдей қызметкері жұмыстан кеткен кәсікерлерлер палатасын сынап тастады, деп жазады QazNews.kz

    Respublica партиясынан саяси ұйымның партиялық тізімімен Парламент Мәжілісінің депутаттығына сайланған Айтуар Қошмамбетов “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасын сынға алды.

    Қошмамбетовтің өткен мансап жолына қарасаң, бұл құрылымға біршама жылдарын арнаған. Ресейде туып, Қазақстанда білім алған Айтуар Қошмамбетов еңбек жолын прокуратурада кіші қызметкерліктен бастаған. Заңдылықтарды қадағалау органында көп аялдамай, бірден кәсіпкерлер палатасына жұмысқа ауысады. Түрлі автобиографиялық платформада оның “Атамекен” кәсіпкерлер палатасында он жыл жұмыс істегені, соның ішінде Алматы қаласында филиалда жетекші болғаны көрсетілген. Депутат осы “онжылдықты” өмірі мен мансабы туралы айтқанда кездесулерде де және өз ортасында мақтанышпен еске алады. Ол 2023 жылы Respublica партиясының Алматы қалалық филиалына жетекші болып ауысты әрі Парламенттің төменгі палатасына үміткерлердің партиялық тізімге енді. Саяси карьерада тасы өрге домалаған Қошмамбетов 2024 жылы 14 ақпанда Мәжіліс депутаты Динара Шүкіжанованың орнын ауыстырды.

    Кеше “Атамекен” кәсіпкерлік палатасында кадрлық өзгерістер болды. Палата төрағасы Райымбек Баталов өзінің 4 бірдей орынбасары қызметтен кеткенін хабарлады. Мұнда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма мүшелері – басқарма төрағасының орынбасарлары жайлы сөз болып отыр.

    «Ербол Есенеев, Мұрат Амрин, Тимур Нахипбеков және Ербол Үстеміров 2025 жылғы 28 тамызда Еңбек кодексінің 50-бабына сәйкес өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берген»,- делінген хабарламада.

    Айтуар Қошмамбетов бұл оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде пост жазып, Атамекендегі дағдарыс, палалатадағы трансформация неге тоқтап қалды деп шүйлікті. Өзі он жылдан астам басшылық қызметте болған және кәсіпкерлік ұйымының іргетасының “бекіп”, дамуына үлес қосқан Қошмамбетовке не ұнамай қалды? Ол өзінің парақшасындағы шағын постында соңғы жылдары Атамекеннің жұмысынан береке кеткенін және Қаңтар оқиғасынан кейін басқаруға келген жаңа адамдардың қайта жаңғырту, цифрландыру және өзге де уәделердің орындалмағанын тілге тиек етеді.

    “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасында дағдарыс белгілері айқын байқалып отыр. Мұны бизнес саласында көптен бері сезіліп келген үрдістер де растайды. Бір мезетте төрт бірдей басқарма төрағасының орынбасары қызметтен кетуі — басқарудағы жүйелі проблемалардың тікелей белгісі. Ұйымда 10 жыл еңбек еткен кәсіби маман әрі экс-қызметкер ретінде бұл жағдайды назардан тыс қалдыра алмаймын. Бірнеше жылдың ішінде өздері уәде еткен бағыттардың ешқайсысы толық іске аспады. Цифрландыру да, басқарушылық реформа да жоспарланған деңгейге жеткен жоқ”,- деп жазады Мәжіліс депутаты.

    «Атамекен» ресми сайтында әлі күнге дейін «Атамекен трансформациясы» деген бөлім тұр. Палата бизнеске бірнеше маңызды бағытта өзгеріс уәде еткен болатын: бірыңғай цифрлық экожүйе құру; палатаның саяси және экономикалық салмағын арттыру; келіссөз жүргізу қабілетін күшейту, нормативтік актілерге ықпал ету; жұмыс моделін жаңарту, демократияландыру, ашықтық, икемділік. Алайда бұлардың қайсысы жүзеге асты, дегенді қосады Айтуар Қошмамбетов.

    Палата төрағасы Райымбек Баталовқа осылай ренішін жеткізген депутат Палата басшысының атына ашық хат жазғанын да қоса кетеді. Тіпті сол хатты және оның жауабын да қоса жүктеген. Заң шығарушы органда өзін палата төрағасынан жоғары қоятын және бір кісідей амбициясы бар Respublica өкілінің ашуланатын жөні бар. Себебі орың ашық үндеуіне Баталовтың өзі емес оның орынбасары жауап беріпті. Әлбетте мұндай құрметсіздік қандай сынға болса да түрткі болатыны заңдылық.

    Сөз соңында бұрынғы атамекендік маман Палатада кәсіпкерлер үшін шын жанашыр мамандар бар, алайда жоғарғы басшылық тарапынан бизнеске ауыр тиген тұстарда үнсіздік көбейген, мұндай «тәтті уәделер» бизнестің қажетіне сай келмейді, деп түйреп өтеді. Автор мәселені жабулы күйінде қалдыруға болмайтынын, керек болса Ұлттық экономика министрлігіне, Ауыл шаруашылығы министрлігіне және өңір әкімдіктеріне ресми сұраулар жолдайтынын да айтады. Қызды-қыздымен Қошмамбетов жақын күндері Бас прокуратураға, Жоғары аудиторлық палатаға және Қаржылық мониторинг агенттігіне де шағымданатынын айтып, Райымбек Баталовқа “ескерту сигналын” жіберуді де ұмытпайды. Әңгіме барлық цифрлық жобаларға қатысты презентациялар, бюджет шығындары, келісімшарттар, және тексеру нәтижелері ашық түрде жариялануы тиіс, деп түйіндейді.

    Әрине заңсыздықтар немесе жүйелі жұмыс жоқ болса, оны көзге шұқып көрсетіп, жариялы түрде сынға алғанның еш әбестігі жоқ. Палата төрағасы Райымбек Баталов үнсіз қалмайды деп ойлаймыз.

    Dalanews.kz ақпарат агенттігі бұған дейін Айтуар Қошмамбетов жұмыс істейтін Respublica партиясындағы кадрлық өзгерістер туралы жазған болатын. “Атамекен” кәсіпкерлік палатасында жұмыс істеген ондаған кадрдың, оның ішінде басшылық құрамда болған азаматтардың осы саяси ұйымға жаппай қызмет ауыстырғаны белгілі. Кәсіпкерлер палатасындағы мамандарды өзімен алып кеткен Қошмамбетовтің бизнесмендер ұйымын сынауға қандай моральдық құқығы бар?! Қазір елде барлық салада білікті кадрлар тапшылығы білініп отыр. Ендеше Мәжіліс депутаты, Respublica партиясы фракциясының мүшесі күндердің бір күнінде қызметтен кеткенде өзі тер төккен саяси ұйымның да жұмысына көңілі толмай, сын садағына алып, кемшіліктерді көрсетеді деп сенейік!

    Атамекен кәсіпкерлер палатасы
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі Есіл өзенінен табылды

    25 ноября, 2025

    Қазақстанда әуе билеттері бір жылда 24%-ға қымбаттады

    25 ноября, 2025

    Алматы облысында алаяқтар қайтыс болған баланың атын пайдаланып ақша жинаған

    25 ноября, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 553 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 438 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 275 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 375 Views
    Оқылып жатыр
    25 ноября, 2025

    Астанада жоғалған оқушы қыздың денесі Есіл өзенінен табылды

    Астанада із-түзсіз жоғалған мектеп оқушысын іздеу жұмыстары аяқталды. Қыздың денесі Есіл өзенінен табылды, деп жазады QazNews.kz 24…

    Қазақстанда әуе билеттері бір жылда 24%-ға қымбаттады

    25 ноября, 2025

    Бірден төрт орынбасардың кетуі: депутат кәсіпкерлер палатасын сынға алды

    25 ноября, 2025

    Алматы облысында алаяқтар қайтыс болған баланың атын пайдаланып ақша жинаған

    25 ноября, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.