Close Menu

    Subscribe to Updates

    Get the latest creative news from FooBar about art, design and business.

    What's Hot

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    3 декабря, 2025

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    QazNews.kz
    Среда, 3 декабря
    • Басты
    • Саясат

      АҚШ пен ЕО әзірлеген Украинадағы бейбіт келісімнің толық құжаты жария болды

      24 ноября, 2025

      Сенатор Кузиев Салық кодексіне қатысты пікір білдірді

      17 апреля, 2025

      Алтынбек Сәрсенбаевты аттырған Назарбаев емес — Айдос Сарым

      27 марта, 2025

      Енді қазақстандықтар МӘМС-ке көбірек төлем аударуы мүмкін

      27 марта, 2025

      Александр Лукашенко жетінші рет Беларусь президенті атанды

      26 марта, 2025
    • Экономика
    • Жаңалықтар
    • Қоғам

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17 ноября, 2025

      Петиция против запрета на вычеты и повышения НДС не прошла модерацию

      14 ноября, 2025

      Жолшылар тазалық акциясын жалғастыруда

      8 ноября, 2025

      Құжатсыз өмірдің қиындығы және жанашыр жандардың көмегі

      28 октября, 2025

      Қонаев көгінде Әнұран шырқалды

      25 октября, 2025
    • Әлемде
    • Шоу-бизнес
    • QAZNEWS TV
    QazNews.kz
    Home » Абай университеті Астанада институт ашты
    Жаңалықтар

    Абай университеті Астанада институт ашты

    17 октября, 2025676 Views
    Screenshot
    Бөліс
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру саласын дамытуға бағытталған стратегиялық тапсырмасы бойынша, еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Астана қаласында Білім беру институтының тұсауы кесілді. Оған ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп және оқытушы-профессорлар, студенттер қатысты. Абай университеті Білім беру институтының ашылуы Астана қаласы мен солтүстік өңірдегі педагогикалық кадр тапшылығын жоюға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

    Қазіргі таңда республика бойынша 70 мыңнан аса гуманитарлық, бастауыш, жаратылыстану және математика пәндерінің мұғалімдері қажет. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегіне сүйенсек, 2025-2035 жылдар аралығында білім саласына маман қажеттілігі 447 мыңға дейін артады деп күтілуде. Осы қажеттілікті ескере отырып, Елордада Қазақстан және Орталық Азиядағы көшбасшы педагогикалық оқу орыны – Абай университетініңБілім беру институты білім алушыларға есігін айқара ашты. Мақсаты – Астана қаласы мен солтүстік өңірдің білім ошақтарына заманауи білікті де сапалы мамандар даярлап, сұранысты қанағаттандыру.

    Білім беру институтының тұсаукесер рәсімінде сөз сөйлеген ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы:

    Бұл Білім беру институтының ашылуы Президент тапсырмасы бойынша жүзеге асып отыр. Былтыр Абай атындағы ҚазҰПУ және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ концорциумы негізіндежұмысты бастағаны белгілі. Биыл Абай университетінің сол институты жеке өз алдына шаңырақ көтерді. Оған ғимарат бөліп, жағдай жасаған Астана қаласының әкіміне және басы-қасында болған Абай университетінің басшылығына зор алғысымды білдіремін, – деді.

    Тұлға ғана емес, Тұлға тәрбиелейтін Ұстаз қалыптастыруды басты миссиясы етіп алған Абай университетінің Білім беру институты қазіргі заманғы озық технологиялармен жабдықталған.Білім ошағында 9 білім беру бағдарламасы бойынша 400-ден астам студент оқиды. Олардың 288-і мемлекеттік грант негізінде оқыса, 133-і Астана қаласы әкімінің гранты. Оқу бағыттары арасында ақпараттық, математика, жаратылыстану, психология және аса сұранысқа ие арнайы педагогикалық мамандықтар: дефектология, логопедия, тифлопедагогика, сурдопедагогика, т.б. бар. Оқытушы-профессорлар құрамында 3 ғылым докторы, 4 ғылым кандидаты және 2 PhD дәрежесіне ие ғалым, жалпы саны 31 тәжірибелі маман қызмет атқаруда.

    Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп жаңа ғимаратқа кіріп, қуаныштары қойнына сыймай тұрған студент жастарға:

    Сіздер Президенттің тікелей тапсырмасымен дайындалып жатқан кадр болғандықтан, ертеңгі мемлекет болашағына қызмет ететін сапалы маман болуларыңыз керек, – деген ақжарма тілегін жеткізді.

    Қазірде Абай атындағы ҚазҰПУ мен Астана қаласы әкімдігі өзара тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Екіжақты қол қойылған меморандумға сәйкес, университет студенттері жыл сайын Астана мектептерінде тәжірибеден өтеді. Былтыр 200-ден астам шәкірт теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Болашақта осы педагогикалық мамандар Астана мен солтүстік өңірдегі кадр тапшылығы сұранысына толықтай жауап деген үміт басым.

    Абай университеті Астана білім институт
    Share. Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқи отырыңыз

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    3 декабря, 2025

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025
    Demo
    Жазбалар

    Changan Automobile & FLYING AUTO: Алматыда дистрибьюторлық келісім жасады

    6 марта, 20253 554 Views

    Инженеры алматинского филиала центра дорожного качества выявили 97 дефектов за восемь месяцев

    26 августа, 20253 439 Views

    Қарасай ауданында жаңа мектептер ашылды, бірақ мамандар тапшылығы мәселесі бар

    12 января, 20253 277 Views

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан Сенат турнирі өтті

    19 июля, 20242 378 Views
    Оқылып жатыр
    3 декабря, 2025

    Жетісу университеті мен БҰҰ Тұрақты даму қоры меморандумға қол қойды

    Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Италия Республикасының Қазақстандағы Миссия басшысының орынбасары Аниелло Петито бастаған италиялық…

    «Кит өлген Жаңа Зеландиядан май тасимыз» — Ермұрат Бапи Үкіметті сынға алды

    3 декабря, 2025

    Жаңа Цифрлық кодекс: қазақстандықтар деректерін өшіруді талап ете алады

    3 декабря, 2025

    Алматы қаласында Мінбердің кезекті тренингі өтеді

    3 декабря, 2025
    Байланыста бол
    • Facebook
    • Twitter
    • Pinterest
    • Instagram
    • YouTube
    • Vimeo
    Demo
    Facebook X (Twitter) Instagram Pinterest Dribbble
    • Жоба туралы
    • Жарнама
    • Редакция
    • Сайт ережелері
    © 2025 QazNews.kz порталы. Designed by QazNews.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.