Сенбі, 17 октября, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда ҰБТ форматы түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстанда ҰБТ форматы түбегейлі өзгеруі мүмкін

Қазақстандық талапкерлерге арналған Admission Insight Test (AIT) деп аталатын жаңа емтихан жүйесі әзірленіп жатыр. Ұлттық тестілеу орталығы бұл жобаны ETS халықаралық ұйымымен бірлесіп жүзеге асыруда, деп хабарлайды qaznews.kz.

Жаңа форматта жаттанды білімді тексеруден гөрі, бейіндік пәндерді терең түсінуге басымдық беріледі.

Талапкерлер цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектіні қолдану қабілетін, сыни ойлау дағдыларын, академиялық жазу шеберлігін және креативтілігін көрсетуі керек болады.

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Нұрсейіт Байжановтың айтуынша, қазіргі заманда ақпаратты жаттап алып, қайта айтып беру дағдысын бағалаудың мәні азайған. Себебі жасанды интеллект мұндай тапсырмаларды адамнан әлдеқайда жылдам орындай алады.

Жаңа емтихан жүйесі талапкерлердің білімді қаншалықты меңгергенін ғана емес, оны іс жүзінде қолдана алу қабілетін де бағалауға бағытталған.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр