Бейсенбі, 27 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпҚазақстанда өзбекстандық профессорға қатысты тыңшылық ісі қозғалды - BBC

Қазақстанда өзбекстандық профессорға қатысты тыңшылық ісі қозғалды — BBC

Қазақстанда Өзбекстан азаматы, 46 жастағы профессор Иқболжон Қорабоев ұсталды. BBC-дің өзбек қызметінің мәліметінше, ол Астанадағы Мақсұт Нәрікбаев университетінде халықаралық қатынастар пәнінен сабақ берген.

Басылымның хабарлауынша, 3 шілде күні профессордың үйіне азаматтық киімдегі бірнеше адам келіп, оған тыңшылық жасады деген күдік бар екенін хабарлаған. Осыдан кейін Қорабоев өздерімен бірге алып кеткен.

BBC мәліметінше, профессорға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы – «Тыңшылық» бойынша айып тағылып отыр. Аталған бап шетел мемлекетінің немесе ұйымының мүддесі үшін ақпарат жинау, сақтау немесе беру секілді әрекеттерді қамтиды және елдің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтірген жағдайда жауапкершілік қарастырады.

Иқболжон Қорабоев – Өзбекстан азаматы. Ол Астанада жұбайымен және кәмелетке толмаған үш баласымен бірге тұрған.

Қазіргі уақытта Қазақстанның құқық қорғау органдары бұл ақпаратқа қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр