Сәрсенбі, 19 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАлматы облысының тауларынан адам сүйегі табылды

Алматы облысының тауларынан адам сүйегі табылды

Алматы облысындағы таулы аймақта адам сүйегі табылды. Сүйектерді екі апталық жорықтан қайтып келе жатқан Беларусь туристері анықтаған, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Facebook желісінде жарияланған ақпаратқа сәйкес, адам сүйегі Северцов мұздығы аумағынан табылған. Туристер бұл туралы құтқарушыларға хабарлап, оқиға орнынан түсірілген бейнематериалдарды тапсырған.

Қазіргі уақытта мәйітті төменге түсіру үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» тікұшағы жіберілді.

Тікұшақ бортында «Барыс» жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандары бар.

Құтқару жұмыстарының күрделілігіне теңіз деңгейінен биік орналасқан аумақ, тік жартастар мен жетуі қиын жер бедері әсер етіп отыр.

Іздестіру-құтқару операциясы аяқталғаннан кейін мәйіт Алматы облысының полиция қызметкерлеріне беріледі.

Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы мен өлімнің мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр