Дүйсенбі, 17 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпШығын 150 млн теңге: Wildberries қоймаларында қазақстандық кәсіпкердің тауарлары өртеніп кетті

Шығын 150 млн теңге: Wildberries қоймаларында қазақстандық кәсіпкердің тауарлары өртеніп кетті

Ресейдегі Мәскеу облысына қарасты Коледино қалашығында орналасқан Wildberries қоймаларында қазақстандық кәсіпкер Айдархан Қасымбектің тауарлары өртеніп кетті, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Кәсіпкердің сөзінше, қоймадағы тауарының құны өзіндік құнын есептегенмен 150 миллион теңге болған.

Толық жанып кетті, өте қиын. Алдында өртенген қоймаларда біздің тауарларымыз өте аз болған. Негізгі қоймамыз Колединода орналасқан. Алланың қалауымен осылай болған шығар. Оған шүкір етеміз. Себебі бір ай бұрын бірінші шабуылдар басталған кезде Колединодағы тауарларымыз өзіндік құнымен есептегенде 400 миллионға жететін. Ол тауардың бәрін жеңілдік жасап сатып үлгердік, — дейді кәсіпкер.

Айдархан Қасымбектің сөзінше, инвесторлардың алдында қарыз болмаған. Себебі барлық серіктесі тауарын сатып үлгерген екен.

Еске салайық, 2026 жылдың шілде-тамыз айларында Ресейдегі ең ірі маркетплейс саналатын Wildberries компаниясының бірнеше логистикалық орталығы мен қоймаларына дрон шабуылдары жасалды. Шабуылдар алғаш рет шілде айының ортасында Мәскеу облысындағы Коледино, Электросталь және Тамбов облысындағы Котовск қоймаларын нысанаға алудан басталды. Кейін Краснодар өлкесі, Ставрополь өлкесі, Санкт-Петербург маңы, Ленинград облысы және Қырымдағы логистикалық орталықтарға да соққы жасалды. Reuters пен басқа халықаралық БАҚ мәліметінше, соңғы апталарда Wildberries-тің ондаған қоймасы зақымдалып, компанияның логистикалық қуатының едәуір бөлігі істен шыққан.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр