Жұма, 14 августа, 2026
spot_img
Басты бетБасты тақырыпАтырау облысында телефонды түрмеге азық-түліктің арасына жасырып өтпек болғандар ұсталды

Атырау облысында телефонды түрмеге азық-түліктің арасына жасырып өтпек болғандар ұсталды

30 шілде мен 17 тамыз аралығында өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шара барысында №75 мекемесіне келіп түскен сәлемдемені тексеру кезінде қызметкерлер азық-түлік арасынан жасырылған телефонды анықтады, деп хабарлайды Qaznews.kz.

Тексеру нәтижесінде тыйым салынған затты мекеме аумағына өткізуге әрекет жасаған азаматтың жеке басы анықталды. Аталған факті бойынша азаматқа қатысты заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Қылмыстық-атқару жүйесі органдары мекемелердің ішкі аймағына телефондар мен өзге де тыйым салынған заттарды өткізуге жол берілмейтінін ескертеді.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр