Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды QazNews.kz
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметшілері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде орын алған. Патрульдеу барысында әскери қызметшілер автокөлік қағып кеткен азаматты байқап, бірден оқиға орнына жетті.
Ұландықтар уақыт жоғалтпай, зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын бақылауға алды. Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем қызметін шақырып, мамандар келгенге дейін қажетті көмекті көрсетті.
Аталған іс-шара барысында қатардағы жауынгерлер — Афанасьев Данил Владимирович, Аверин Илья Владимирович және Қуанышбаев Алдияр Мұратбекұлы кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етудің жоғары деңгейін көрсетті.
Олардың батыл әрі жауапты әрекеттерінің арқасында зардап шеккен азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.
ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі


