Сейсенбі, 3 марта, 2026
spot_img
Басты бетЖаңалықтарҚазақстан гүлді қай елдерден импорттайды — статистика

Қазақстан гүлді қай елдерден импорттайды — статистика

2025 жылы Қазақстан 77,6 млн АҚШ доллары көлемінде 10 954 тонна гүл мен гүл бүршігін импорттаған. 2024 жылы импорт көлемі бұдан 1,4 мың тоннаға артық болған. Бұл туралы ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді,деп хабарлайды QazNews.kz

Гүлдердің негізгі жеткізушісі – Эквадор. Жалпы импортталған гүл көлемінің 41,9% немесе 4 586 тоннасы осы елден жеткізілген.

Сондай-ақ ірі көлемде гүлдер келесі елдерден әкелінеді:

• Қытай – 2 678 тонна
• Нидерланд – 1 702 тонна
• Колумбия – 778 тонна
• Кения – 739 тонна

Жалпы өткен жылы гүлдер әлемнің 45 елінен жеткізілді. Қазақстанға негізінен раушан гүлдері импортталған – 6 219 тонна.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр