Жол апатынан қаза тапқан қыздың отбасы спортшы Шавкат Рахмоновтың жұбайын кешірді, деп хабарлайды Qaznews.kz
коллаж: Dalanews.kz
БАҚ өкілдерінің жазуынша, қаза тапқан қыздың әкесі сотта қайғылы жағдайды кешкі уақытта ғана естігендерін айтты. Оның сөзінше, Алматыдағы үйлеріне айыпталушының туыстары мен тағы бір қаза тапқан қыздың анасы келген. Олар кешірім сұрап келген.
Айыпталушының туыстары марқұмның денесін Жамбыл облысынан тасымалдауға көмектесіп, жерлеу рәсіміне қатысты кейбір шаруаларды өз мойындарына алған.
Соттың сұрағына жауап берген ер адам айыпталушыны кешіретінін жеткізді:
«Бұл жол. Онда не боларын ешкім білмейді», дейді марқұмның әкесі.
Қаза тапқан әйелдің артында 2006 жылы туған ұлы қалған.
Айта кетейік, жәбірленуші тараптың құқығын адвокат Мейірман Шекеев қорғайды.
Еске салайық, Гүлайым Рахмонова мен оның ұлы 2025 жылы 27 шілдеде жол апатына түскен еді.
Полицияның мәліметінше, республикалық маңызы бар Алматы–Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлікті аударып алған. Жол апаты салдарынан екі әйел қаза тапқан болатын.


