Сейсенбі, 24 Ақпан, 2026
spot_img
Басты бетБілім және ҒылымҚазақстандық оқушыларға 11 күн демалыс беріледі

Қазақстандық оқушыларға 11 күн демалыс беріледі

Қазақстан мектептерінде көктемгі каникул 19 наурызда басталады,  деп жазады QazNews.kz

Мектептерде үшінші оқу тоқсаны аяқталуға жақын. Осылайша оқушыларды көктемгі каникул күтіп тұр.

2026 жылы көктемгі демалыс 19-29 наурыз аралығында, жалпы 11 күнге созылады. 18 наурыз — үшінші тоқсанның соңғы оқу күні. Ал 30 наурызда оқушылар мектепке қайта оралып, төртінші тоқсанды бастайды.

Қазақстанда оқу жылы төрт тоқсанға бөлінеді. Биыл үшінші тоқсан 10 аптаға жалғасты.

Бекітілген күнтізбеге сәйкес төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға созылады. Ол 2026 жылғы 25 мамырда аяқталып, одан кейін жазғы каникул басталады.

Ұқсас жазбалар

Оқылып жатыр