Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков 1,7 млрд теңге жымқыру ісі бойынша сотталғаннан кейін амнистияға ілініп, бостандыққа шықты, деп жазады QazNews.kz
ҚАЖК мәліметінше, жаза мерзімі заңға сәйкес қайта есептеліп, ол сот тағайындаған жазасын толық өтеген деп танылған. Шешім сот арқылы қабылданған.
Шыныбеков 2020 жылдың қазанында сотталған. Тергеу дерегіне сәйкес, ол университеттің бұрынғы бас бухгалтерімен бірге 1,7 млрд теңгеден астам қаржыны жалған келісімшарттар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, жымқырған.
Сот екеуін де кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, білім беру саласында басшылық және материалдық жауапты қызмет атқаруға 5 жылға тыйым салынған.


