«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектептің жылдық жоспарына сәйкес ақпан айы «Жасампаздық және жаңашылдық» айы болып белгіленді. Осы бағытта №202 мектеп-гимназияда білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды, деп жазады QazNews.kz
Соның бірі – «SMART BALA» жобасы аясында өткен «Startup» байқауы. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, креативті ойлауын дамыту және стартап жобаларды жүзеге асыруға бағыт беру.

Жоба мектептің тәрбие жоспарына сәйкес, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С. Лесованың ұйымдастыруымен және информатика пәні мұғалімдері Д. Әбен, А. Оспанова ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар, оқушыларға жоба жасау барысында жетекшілік еткен пән мұғалімдері Ф. Құдайбергенова, Е. Қажымұратқызы, Л. Сагидулинна өз тәжірибелерімен бөлісіп, бағыт-бағдар берді.қатысуымен жүзеге асырылды.
Байқау барысында оқушылар білім беру, экология, әлеуметтік мәселелер мен цифрлық технологиялар бағытындағы жобаларын таныстырып, тың идеялар мен инновациялық шешімдер ұсынды. Қатысушылардың белсенділігі мен шығармашылық ізденісі байқаудың мазмұнын арттыра түсті.
Аталған іс-шара оқушыларды бастамашылдыққа, жауапкершілікке және жаңашыл ойлауға тәрбиелей отырып, «Адал азамат» бағдарламасында көзделген құндылықтарды іске асырудың нақты үлгісіне айналды.
Жасампаздық пен жаңашылдыққа негізделген мұндай жобалар болашақта ел дамуына үлес қосатын саналы әрі креативті ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.


