Қанат Құрманалиев, «Амангелді газ» ЖШС бас директоры: — Бұл жаңалықтың барлығы — «ҚазТрансГаз» компаниясының ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына тартуы. Ал алдағы уақытта «Айрақты» кен орнын іске қосамыз. Ол бірнеше ұңғымамен жұмыс бастайды, газ жинау стансасы соғылады. Осылайша, ресурстық базамызды ұлғайту көзделіп отыр Енді мұнда өндірілетін газ конденсаты жоғары технологиялы аппараттар арқылы химиялық талдаудан өтеді. Жаңа зертхана мамандарға көгілдір отынның сапасын мұқият тексеріп отыруға мүмкіндік берді. Александр Федорович, «Газ саласы ардагерлерінің республикалық кеңесі» ҚБ Жамбыл филиалының директоры: — Мен отандық газ саласында 40 жылдан астам уақыт қызмет еттім. Мұндай жұмыс жағдайы бұрын болған емес, жаңа зертхана, басқа да жаңашылдықтардың берері көп. Осы арқылы Ұлттық оператордың әлеуеті ұлғайып, тәуелсіз еліміздің қуаты да артады деп санаймын. Бұл оң өзгерістердің нәтижесінде еліміз сырттан келетін көгілдір отыннан бас тартып, энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Ал «Амангелді» кен орны 2003 жылы іске қосылған болатын. Сол уақыттан бері мұнда 4 миллиард текше метр табиғи газ өндірілген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *