Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/t-uelsizdikke-25-zhyl/item/150456-zhambyl-oblysynda-zha-a-sh-yma-iske-osyldy Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жамбыл облысының «Амангелді» газ конденсаты кен орнында жаңа 3 ұңғыма пайдалануға берілді. Соның арқасында, «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы иелігіндегі ұңғымалардың жалпы саны 40-қа жетіп отыр. Сондай-ақ, аталған кен орнында халықаралық талаптарға сай заманауи зертхана іске қосылды. Бұл жоба «ҚазТрансГаздың» «Газ және газбен жабдықтау саласындағы 100 қадам» стратегиялық жоспарына сай жүзеге асырылды. Жаңа ұңғымалардың іске қосылуы «Амангелді газ» кен орнында көгілдір отын өндірудің орташа тәуліктік көлемін 1 миллион текше метрден түсірмеуге мүмкіндік береді. Жуырда компания «Айрақты» кен орнынан Амангелдіге дейін ұзындығы 24 шақырымды құрайтын өндірісішілік газ құбырын салып бітті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *