Қазақстан Республикасының ауыр атлетика федерациясы Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына бас жаттықтырушы болған Алексей Нидің отставкаға кетуіне қатысты комментарий таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен өз еркіммен Қазақстан Республикасының ауыр атлетика құрамасының  бас жаттықтырушысы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Алғаш рет бұл туралы ауыр атлеттерге қатысты допинг дауы басталған кезде, яғни Рио Олимпиадасының қарсаңында ойлаған едім. Алайда, ол кезде команданы дайындап, ойынға апару керек болды. Мойныма алған міндетті орындауым керек еді. Алайда, сол кездің өзінде спортшыларымды қорғай алмасам, олардың жүлделері жойылса, осы қызметті одан ары жалғастыра алмайтынымды, қыз-жігіттермен бірге кететінімді білгемін. Жақын күндері жаңа бас жаттықтырушы тағайындалады, ол жаңа командамен бірге жұмысқа кіріседі»,-деген Алексей Ни өз сөзінде.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *